Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

План работы по профилактике и предупреждению оррупции РБ Шал акына (PDF 417 Kb)

Хабарландыру

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес

2023 жылғы 31 шілдеден бастап кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Талданатын кезең 2022 жылғы маусым айыннан бастап 2023 жылғы маусым айына дейін.

Осыған байланысты, 2023 жылғы 31 шілдеге дейінгі мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар проблемалық мәселелерді zdrav @sqo.gov.kz электрондық мекенжайға жіберуді сұраймыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда 8(7152)525109 телефоны бойынша хабарласу қажет.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл әрбір азаматтың борышы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл әрбір азаматтың борышы2022 жылғы 17 қазан күні директорының алғашқы медициналық – санитарлық көмек жөніндегі орынбасары Б.Ж.Мукашев «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша оқыту жүргізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында 2015 жылғы 18 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерді жеке өзі алу немесе алу мақсатында заңсыз пайдалануы немесе өздері не үшінші тұлғалар үшін мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар делдалдары арқылы, сол сияқты осы тұлғаларға игіліктер мен артықшылықтар беру арқылы пара беру.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл қоғамда маңызды рөл атқарады. Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарынан материалдық және материалдық емес тауарларды заңсыз алу орын алады, нәтижесінде қоғамның мүдделеріне нұқсан келтіріліп, мемлекеттік биліктің беделі төмендейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:

1) заңдылық;

2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың басымдығы;

3) жариялылық пен ашықтық;

4) мемлекет пен азаматтық қоғмның өзара іс-қимылы;

5) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;

6) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;

7) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу;

8) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағын үщін жазаның бұлтартпастығы.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар өз тарапынан мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттерге жол бермеуге тиіс. Осылайша, мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын ұстануға тиіс.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілік көзделгенін атап өткен жөн.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдем көрсететін адамдарға қол сұғылмаушылық кепілдіктері

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдем көрсететін адам мемлекеттің қорғауында болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдемдесетін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада көзделген органдардың немесе соттың сұрау салулары бойынша ғана заңда белгіленген тәртіппен ұсынылады. Жария ету.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдесетін адам Қазақстан Республикасының Үкіметі көздеген тәртіппен көтермеленеді.

Қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдем көрсететін адамдардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Көрінеу жалған ақпарат хабарлаған адам белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

«СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Шал ақын ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК директорының МСӘК жөніндегі орынбасары Б.Ж.Мукашев.

Қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК (2022 жылғы 3 қаңтар мен 31 мамыр аралығындағы кезеңде) (PDF 1753 Kb)

Қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК (2021 жылғы 4 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы кезенде) (PDF 1782 Kb)

«СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқарамасы» кмм «Шал ақын ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК бойынша 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту жөніндегі іс-шаралар жоспары (DOCX 24 Kb)

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

«Бектемін»
«Шал ақын ауданының ОАА» ШЖҚ КМК
Бас дәрігері
А.Ж. Мұстафин_________
2017 жыл 13 маусым

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімлігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шал ақын ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қызметшілерінің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімлігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шал ақын ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнықызметшілерінің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасынының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленген және аурухананың ақпараттық-талдамалы, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырған кезде туындайтын қоғамдық қатынастар саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін құрайды.

2. Стандарт «Солтүстік Қазақстан облысы әкімлігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шал ақын ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнықызметшілерінің (бұдан әрі – мемлекеттік қызметші) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлқын қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбестік ахуалынна қол жеткізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көрінісін уақтылы айқындау және олардың жағымсыз салдарын жоюға арналған.

3. Стандарттың қағидаттары мыналар болып табылады:

  • заңдылық;
  • транспаренттілік;
  • әдептілік;
  • жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңды мүделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;
  • мүдделер қақтығысына жол бермеу.

4. Қызметшілер лауазымдық өкілеттіктерін орындаған кезде саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер және олардың органдарымен байланысты емес Қазақстан Республикасының заңнамалары талаптарын басшылыққа алады.

5. Қызметшілер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы (соның ішінде еңбек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, мемлекеттік қызмет туралы) аясында:

1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кезде мыналарды:

  • азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қараған кезде азаматтардың құқықтары мен бостандығына басымдылық, бюрократизм мен жөнсіздікке жол бермеуді;
  • азаматтардың заңды құқықтарын іске асырудың ең қысқа мерзімі және заңды мүдделерін қамтамасыз етуді;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттеріне және стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді;
  • қызмет алушыларға шығу тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайларға байланысты қандай да бір кемсітушіліксіз бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

мыналарға:

  • азаматттың өтінішін қарау мәселені объективті шешуге мүдделі емес екендігіне қатысты адамға жүктелген жағдайда;
  • шағым берген адамға зиян келтіретін немесе оның мүддесіне қатысты шағым берілген жағдайға;
  • өтініште іс-әрекетіне шағым түскен лауазымды адамдарға өтінішті жіберуге;
  • адамның жеке өмірі, жеке және отбасылық құпиясы туралы мәліметті оның келісімінсіз жария ету мүмкіндігіне;
  • өтінішке қатысы жоқ азаматтың жеке басы туралы деректер белгілеуге жол бермеу.
  • өз құзыреті шегінде басқару және өзге де шешімдер дайындаған және қабылдаған кезде мыналарды:
  • барлық құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды тұлғалардың құзыретін нақты шектеу және және оларды жұмыс істеуін келісуді;
  • лауазымдық өкілеттіктерді орындауға қатынасы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен көрсетілімдерді шығаруға жол бермеуді;
  • туыстық, жерлестік және жеке сенімділік қасиеттері бойынша кадрларды іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеу;
  • меритократия прициптерін сақтауды;
  • қабылданып жатқан шешімдердің заңдылығы үшін дербес жауапкершілікті қамтамасыз етеді.

күнделікті қызметте:

  • қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына сенімін сақтайды және нығайтады;
  • жалпы қабылданған моральдік-этикалық нормаларды сақтайды;
  • мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, Қазақстан Республикасына кір келтіретіндей және мемлекеттік қызмет мүддесіне қайшы келетін әрекеттер жасауға жол бермеуді, соның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруды, мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдардың қатаң түрде сақталуын қамтамасыз етеді;
  • лауазымдық өкілеттіктерді және соған негізделген беделiн жеке басының, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi мүмкін әрекеттерді жасауға жол бермеу;
  • оларға мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылытар туралы басшылықты және (немесе) құқық қорғау органдарын жел түрде жеткізеді;
  • мүдделер қақтығысының туындауы, қызметтік міндететрін орындаған
  • кезде жеке қызығушылқытарының туындауы, сыбайлас жемқорлық әдетіне және сыйлық алуға көндіру туралы тікелей немесе тура басшыға қажет болғна жағдайда жеткізеді;
  • әріптестерге және басшыға өзара қатынастың белгіленген тәртібін бұзатын, қызметтік бейтарап шешім қабылдауға әсер ететін заңсыз өтініштермен жүгінуден бас тартады;
  • қызметтік өкілеттіктерді орындауға байланысты сыйлық қабылдамайды және сыйламайды;
  • мүліктік және мүліктік емес пайда және артықшылық алу не пайда түсіру мақсатында таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбайды;
  • тікелей туыстық қатынастағы (ата-анасы, жұбайы, іні, апа-қарындасы, балалары) адамдардың тікелей бағынысты немесе бақылауындағы лауазымдарға тағайындалудан бас тартады;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ашуға белсенділік танытады;
  • орындауға алған өкімнің заңсыздығына күмәні туралы тікелей басшысына жазбаша түрде шұғыл хабарлайды;
  • құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті сақтауды қолдайды;
  • мүдделер қақтығысының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының және олардың салдарының туындау мүмкіндігінің себептері мен шарттарын жою жөніндегі шараларды тұрақты негізде қабылдайды;
  • қызметтік тәртіп пен қызметтік намысты сақтайды;
  • басшыға қатысты олардың лауазымдық мүмкіндіктері арқылы жеке сенімділік көрінісіне, пайда және артықшылық алуға тырысуға жол бермейді;
  • өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық, әкімшілік, қылмыстық жауапкешілікте болады.

6. Басшы (бас дәрігер):

  • өзінің мінез-құлқымен бейтараптық, шындық, жеке тұлғаның намысына және адамгершілігіне құрмет көрсетудің үлгісін көрсетеді;
  • басшылықты бірегей, бөлу қызметі арқылы жүзеге асырады және қабылдаған шешімдерінің заңдылығы үшін жеке жауапты болады;
  • лауазымдық өкілеттіктерден тыс тапсырмаларды орындауды қарамағындағылардан талап етпейді;
  • қарамағындағы қызметкерлер қызметтік міндеттерін орындау барысында туындаған мүдделердің қақтығысын реттеу жөнінде түпкілікті шараларды уақтылы қабылдайды;
  • сыбайлас жемқорлықтың алды алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды жою жөнінде түпкілікті шараларды уақтылы қабылдайды;
  • қарамағындағылармен құмар ойындарға қатысудан бас тартады;
  • өзінің қарамағындағы қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлық жұмыс жағдайы және олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауларына жол бермеу үшін жеке жауапты болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұр Отан» ХДП республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында сөйлеген сөзінен мемлекеттік қызметшінің 8 этикалық нормасы

Мемлекеттік қызметшілер келесі этикалық нормаларды басшылыққа алулары тиіс:

  1. Ол билік пен өкілеттікті басқаруды білуі тиіс, сонымен қатар адал болуы керек;
  2. Мемлекеттік қызметте өз берекесі үшін емес, мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуі керек, мемлекеттік қаражатты өз қалтасымен шатастырмау керек;
  3. Шенеунік «Қандай қаражатқа тұрасын?» деген сұрақтан қорықпай тұруы керек, өйткені оның вилласы, оның жан-жағындағы биік шарбақатары мен қымбат шетел маркалы көліктерінің суреттері пайда болу үшін негіз болуы керек;
  4. Заң талаптарына толық сәйкес өмір сүруі маңызды;
  5. Қандай болмасын қызметте, қандай болмасын лауазымда жұмыс істегенде халықтың, өз елі азаматтарының сенімін ақтауы керек;
  6. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділеттіктің, сыпайылықтың, үлгісі болуы керек, адамдардың арасында өз өзін ұстай білуі керек;
  7. Ұжыммен басқару алдында, ол өзі басқаға бағынуға үйренуі керек, өз мамандарынан талап ететінді өзі орындай алуы қажет;
  8. Егер мемлекет мүддесіне залал келтіріліп немесе сыбайлас жемқорлық іс әрекет дайындалып жатқанын көрсе, дереу араласу, шаралар қабылдау қажет.

Бұл мемлекеттік басқару органдары қызметкерлеріне қойылатын моралдік талаптардың бір бөлігі ғана.

Біз мемлекеттік қызметке және өкіметке осы менімен аталған этикалық нормаларды қатал орындайтын адамдарды тәрбиелеп, әкелуіміз керек.

Бұлар Отанның нағыз патриоттары, олар оның өркендеуі үшін бар күш-қуатын салады. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Қымбатты пациенттер!

Егер Сізді ауруханаға жатқызудан бас тартқан болса? Егер Сізге сапасыз медициналық көмек көрсеткен болса? Егер Сіз медициналық қызмет тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз? Егер Сізде жүгінуге арналған басқа себептер болса?

Келесі сенім телефон нөмірлері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:

  • 2-71-15 Бас дәрігер — Айдар Жантөреұлы Мұстафин;
  • 2-70-87 медициналық ұйымның ішкі аудит қызметінің телефон нөмірі;
  • 46-93-14 Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының сенім телефоны.
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz