Комплаенс — кызметі

План работы комплаенс специалиста РБ Шал акына (PDF 484 Kb)

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік 

«СҚО әкмідігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспары (PDF 479 Kb)

Қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтама «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК (PDF 2506 Kb)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат (PDF 1910 Kb)

2023 жылы 28 тамызда комплаенс қызметінің мамандары ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша түсіндірме іс-шараларын өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл-әрбір азаматтың борышы

Сыбайлас жемқорлық-жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді жеке өзі немесе делдалдар арқылы мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе алу мақсатында заңсыз пайдалануы өзі үшін не үшінші тұлғалар үшін, сол сияқты осы тұлғаларға игіліктер мен артықшылықтар беру арқылы пара беру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу және олардың салдарын жою жөніндегі өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметі.

Мұны білу маңызды!

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпараты бар адам қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығын не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органды хабардар етеді.

Мемлекеттік органның, ұйымның басшылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган заңға сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы келіп түскен хабарлама бойынша шаралар қабылдауға міндетті.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және заңда белгіленген тәртіппен беріледі. Аталған ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Медицинада параның ең көп таралған түрлері:

- еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және денсаулық жағдайы туралы, қандай да бір жұмыстарды орындауға рұқсат беру туралы, спорттың қандай да бір түрімен айналысуға рұқсат беру туралы, дене шынықтырудан босату туралы түрлі анықтамаларды алғаны үшін.

- белгілі бір медициналық фактілерді растау немесе жасыру үшін (көбінесе ұрып-соғу және басқа дене жарақаттары).

- «қажетті» рецепт үшін.

- өлімнің шынайы себебін бұрмалағаны үшін.

- еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ұзартқаны үшін.

Сыбайлас жемқорлық туралы білсеңіз -1414 қоңырау шалыңыз!

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!

Қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жариялау талқылауды жүргізу туралы хабарландыру (DOCX 16 Kb)

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу туралы» 24.07.2023 жылғы № 153 бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы (PDF 222 Kb)

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу туралы бұйрық (PDF 266 Kb)

Ереже (PDF 2210 Kb)

КОРПОРАТИВТІК ӘДЕП КОДЕКСІ (PDF 1379 Kb)

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz