Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі

«СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК пациенттерді қолдау қызметінің төрағасы — Асылбекова Айнагуль Жасулановна, телефоны: 8 (71534) 2-70-87, электрондық мекенжайы crb80@inbox.ru

Сәлеметсіздер ме! 

Сіздерді «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Шал ақын ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі қарсы алады. 

Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Гончар көшесі, 119. 

Біздің медициналық ұйымымызда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес пациенттерді қолдау қызметі (ішкі бақылау/аудит қызметі) құрылды. 

Пациенттерді қолдау қызметінің функциясына медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін анықтау жатады. 

Осыған байланысты, егер сіз: 

- медициналық көмек көрсету сапасына наразы болып қалсаңыз;

- аурухананың медициналық қызметкерлерінің дөрекі көзқарасына тап болсаңыз;

- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық персоналдың ақшалай қаражатты бопсалау фактілеріне тап болсаңыз;

- сондай-ақ, егер сіз медициналық көмек көрсетудің тәртібі мен сапасына байланысты басқа да проблемаларға тап болсаңыз, Сіз пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуге құқылысыз.

Пациенттерді қолдау қызметі Сіздің өтінішіңізді қарайды және Сіздің өтінішіңізді қарау нәтижелері бойынша Сізге ақпарат береді.

Пациенттерді қолдау қызметіне тәулік бойы 8 (71534) 2-70-87 телефоны арқылы хабарласа аласыз. Электрондық мекен-жайы crb80@inbox.ru.


 

«Шал ақын ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің 2025 жылдың 1-тоқсанындағы жұмыс туралы есебі

 

«Шал ақын ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің құрамы:

- Қызмет жетекшісі, медициналық бөлім бойынша директордың орынбасары, 1 дәрігер-эксперт, эпидемиолог-дәрігер, БАҚ мониторингі бойынша маман, клиникалық фармаколог, психолог, заңгер.

Ішкі бақылау қызметі мекемеде медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету және оны үздіксіз арттыру бағдарламасын, сондай-ақ тәуекелдерді басқару бағдарламасын әзірледі.

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 230/2020 бұйрығына сәйкес, «Медициналық қызметтердің сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» келесі жұмыстарды атқарады:

         1) Ұйым бөлімшелерінің өз процестері мен рәсімдерін бағалау, денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды енгізу, ішкі көрсеткіштерді қолдану бойынша қызметінің тиімділігін талдайды;

         2) Ішкі аурухана комиссияларының қызметін талдайды;

         3) Сараптама нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша басқару шешімдерін қабылдау үшін денсаулық сақтау ұйымының басшылығына ақпарат ұсынады;

         4) Медициналық қызмет сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйым қызметкерлеріне оқыту және әдістемелік көмек көрсетеді;

         5) Қызметкерлердің пікірін зерделейді және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық көмектің сапасын арттыру шаралары туралы ұжымға ақпарат береді;

         6) Медициналық қызмет сапасын басқару бойынша кәсіпорынның қызметін үйлестіреді.

 

Ішкі аудит қызметі жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарауға ерекше назар аударады. Ұйым қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі бойынша нұсқамалар өткізіледі, этика мен деонтологияны сақтау бойынша тұрақты семинарлар мен сабақтар ұйымдастырылады. Азаматтардың барлық жазбаша және ауызша өтініштері өтініштер журналында тіркеледі, науқастардың мәселелерін туындаған жерде және 5 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде шешуге шаралар қабылданады.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы

Барлық құрылымдық бөлімшелерде, сондай-ақ тіркеу орнында және қабылдау бөлімінде пациенттердің Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне жүгіну жолдары туралы ақпараттық стендтер орналастырылған. Онда мекеменің сенім телефондары, сондай-ақ Денсаулық сақтау басқармасы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сенім телефондары көрсетілген ұйымның қызметі туралы ақпарат бар.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізу бойынша халықпен тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Емханада және стационарда көрнекі ақпарат үшін ақпараттық стендтер орнатылған, аудандық аурухананың емханасында бейнероликтер көрсетіледі, сондай-ақ әлеуметтік желілерде МӘМС туралы ақпарат жарияланады.

Цифрландырудың Жол картасын іске асыру мақсатында 2021 жылдың соңынан бастап «Damumed» КМАЖ (Кешенді медициналық ақпараттық жүйе) бағдарламасы енгізілді. Барлық медициналық қызметкерлер оқытылып, қолданыстағы модульдерде (электронды жазба, тіркеу орны, қарап-тексеру хаттамасы, күндізгі стационар, зертхана, еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары мен анықтамалар, ДКК) жұмыс істейді. Жұмыс орындарының компьютерлік техникамен жабдықталуы – 100%. Сонымен қатар Damumed мобильді қосымшасы енгізілген. Электрондық БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен азаматтардың өтініштері уақтылы қарастырылады.

 

Құрылымы бойынша:

Консультациялық сипаттағы сұрақтар елеулі үлесті алып отыр – 64,5%. Екінші орында – емхана жұмысының ұйымдастырылуына қатысты сұрақтар – 7,1%, үшінші орында – тегін дәрілік қамтамасыз ету және сүт қоспалары мәселелері – 5,1%, төртінші орында – мүгедектік тобын рәсімдеу, күшейту, ЖТҚ-ға (жеке оңалту бағдарламасына) толықтырулар – 4,6%. Медициналық көмектің сапасы бойынша – 2,5%.

2024 жылдың қорытындысы бойынша, пациенттердің жоғары тұрған органдарға жүгіну саны 43%-ға азайғаны байқалады, бұл Пациенттерді қолдау қызметінің пациенттермен жұмыс істеудегі және туындайтын мәселелерді мекеме деңгейінде шешудегі рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz