«СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК пациенттерді қолдау қызметінің төрағасы — Асылбекова Айнагуль Жасулановна, телефоны: 8 (71534) 2-70-87, электрондық мекенжайы crb80@inbox.ru.
Сәлеметсіздер ме!
Сіздерді «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Шал ақын ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі қарсы алады.
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Гончар көшесі, 119.
Біздің медициналық ұйымымызда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес пациенттерді қолдау қызметі (ішкі бақылау/аудит қызметі) құрылды.
Пациенттерді қолдау қызметінің функциясына медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін анықтау жатады.
Осыған байланысты, егер сіз:
- медициналық көмек көрсету сапасына наразы болып қалсаңыз;
- аурухананың медициналық қызметкерлерінің дөрекі көзқарасына тап болсаңыз;
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық персоналдың ақшалай қаражатты бопсалау фактілеріне тап болсаңыз;
- сондай-ақ, егер сіз медициналық көмек көрсетудің тәртібі мен сапасына байланысты басқа да проблемаларға тап болсаңыз, Сіз пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуге құқылысыз.
Пациенттерді қолдау қызметі Сіздің өтінішіңізді қарайды және Сіздің өтінішіңізді қарау нәтижелері бойынша Сізге ақпарат береді.
Пациенттерді қолдау қызметіне тәулік бойы 8 (71534) 2-70-87 телефоны арқылы хабарласа аласыз. Электрондық мекен-жайы crb80@inbox.ru.