Созылмалы инфекциялық емес аурулары (сиеа) бар пациенттерге арналған жадынама

Құрметті пациент!

Аурулардың алдын алуда денсаулық жағдайын бақылау маңызды рөл атқарады: өз көрсеткіштерін білу, медициналық тексерулерден және диспансерлеуден тұрақты түрде өту.

ДДСҰ анықтамасына сәйкес созылмалы инфекциялық емес аурулар (бұдан әрі – СИЕА) - бұл ұзақ ағыммен сипатталатын және факторлардың жиынтығына әсер етудің нәтижесі болып табылатын аурулар:

- генетикалық;

- физиологиялық;

- экологиялық;

- мінез-құлық.


СИЕА-ға жататын негізгі аурулар түрлері:

- қант диабеті;
- тыныс алу органдырының аурулары;
- қан айналым жүйесінің аурулары;
- қатерлі ісіктер.
______________________________________
СИЕА дамуына 50% үлес қосатын 7 негізгі қауіп факторы бар: темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, физикалық белсенділіктің төмендігі, алкогольді шамадан тыс тұтыну, қан қысымының жоғарылауы, қандағы холестерин деңгейінің жоғары болуы, семіздік.

📋 Бақылау тәртібі

  • Сіз емдеуші дәрігердің диспансерлік есебінде тұрасыз.
  • Бақылау жоспары диагнозды және денсаулық жағдайын ескере отырып жеке түрде жасалады.
  • Дәрігердің тағайындауларын қатаң сақтау және тексерулерден уақытылы өту қажет.

🩺 Тексері жиілігі

  • Дәрігердің жоспарлы тексеруі: жылына кемінде 1-2 рет (немесе тағайындау бойынша жиі).
  • Бақылау тексерулері (талдаулар, аспаптық зерттеулер): дәрігердің белгіленген кестесіне сәйкес.
  • Жоспардан тыс қаралу: жағдайыңыз нашарлаған кезде, жаңа белгілер пайда болған кезде.

💊 Науқасқа ұсыныстар

  • Тағайындалған дәрі-дәрмектерді үнемі қабылдаңыз.
  •  Денсаулық көрсеткіштерін бақылаңыз (қан қысымы, қант, холестерин және т.б.).
  • Тамақтану, физикалық белсенділік және демалу режимін сақтаңыз.
  • Жаман әдеттерден бас тартыңыз.
  • Өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізіңіз (қажет болса).

☎️ Байланыс ақпараты

Тіркеу бөлімі / Call-орталық:
+7 (715) 347-99-98
+7 (775) 096-30-55

Жұмыс режимі:

  • Дүйсенбі - жұма: 09:00 – 18:00

⚠️ Маңызды

Жағдайдың күрт нашарлауымен (кеудедегі ауырсыну, тұншығу, қатты әлсіздік, сананың жоғалуы және т.б.)  - жедел медициналық көмекке дереу қоңырау шалыңыз.

05.05.2026
Қараулар: 17
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz