Құрметті пациент!
Аурулардың алдын алуда денсаулық жағдайын бақылау маңызды рөл атқарады: өз көрсеткіштерін білу, медициналық тексерулерден және диспансерлеуден тұрақты түрде өту.
ДДСҰ анықтамасына сәйкес созылмалы инфекциялық емес аурулар (бұдан әрі – СИЕА) - бұл ұзақ ағыммен сипатталатын және факторлардың жиынтығына әсер етудің нәтижесі болып табылатын аурулар:
- генетикалық;
- физиологиялық;
- экологиялық;
- мінез-құлық.
СИЕА-ға жататын негізгі аурулар түрлері:
- қант диабеті;
- тыныс алу органдырының аурулары;
- қан айналым жүйесінің аурулары;
- қатерлі ісіктер.
______________________________________
СИЕА дамуына 50% үлес қосатын 7 негізгі қауіп факторы бар: темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, физикалық белсенділіктің төмендігі, алкогольді шамадан тыс тұтыну, қан қысымының жоғарылауы, қандағы холестерин деңгейінің жоғары болуы, семіздік.
📋 Бақылау тәртібі
- Сіз емдеуші дәрігердің диспансерлік есебінде тұрасыз.
- Бақылау жоспары диагнозды және денсаулық жағдайын ескере отырып жеке түрде жасалады.
- Дәрігердің тағайындауларын қатаң сақтау және тексерулерден уақытылы өту қажет.
🩺 Тексері жиілігі
- Дәрігердің жоспарлы тексеруі: жылына кемінде 1-2 рет (немесе тағайындау бойынша жиі).
- Бақылау тексерулері (талдаулар, аспаптық зерттеулер): дәрігердің белгіленген кестесіне сәйкес.
- Жоспардан тыс қаралу: жағдайыңыз нашарлаған кезде, жаңа белгілер пайда болған кезде.
💊 Науқасқа ұсыныстар
- Тағайындалған дәрі-дәрмектерді үнемі қабылдаңыз.
- Денсаулық көрсеткіштерін бақылаңыз (қан қысымы, қант, холестерин және т.б.).
- Тамақтану, физикалық белсенділік және демалу режимін сақтаңыз.
- Жаман әдеттерден бас тартыңыз.
- Өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізіңіз (қажет болса).
☎️ Байланыс ақпараты
Тіркеу бөлімі / Call-орталық:
+7 (715) 347-99-98
+7 (775) 096-30-55
Жұмыс режимі:
- Дүйсенбі - жұма: 09:00 – 18:00
⚠️ Маңызды
Жағдайдың күрт нашарлауымен (кеудедегі ауырсыну, тұншығу, қатты әлсіздік, сананың жоғалуы және т.б.) - жедел медициналық көмекке дереу қоңырау шалыңыз.
Қараулар: 19
