Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімлігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шал ақын ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қызметшілерінің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімлігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шал ақын ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнықызметшілерінің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасынының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленген және аурухананың ақпараттық-талдамалы, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырған кезде туындайтын қоғамдық қатынастар саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін құрайды.

2. Стандарт «Солтүстік Қазақстан облысы әкімлігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шал ақын ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнықызметшілерінің (бұдан әрі – мемлекеттік қызметші) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлқын қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбестік ахуалынна қол жеткізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көрінісін уақтылы айқындау және олардың жағымсыз салдарын жоюға арналған.

3. Стандарттың қағидаттары мыналар болып табылады:

  • заңдылық;
  • транспаренттілік;
  • әдептілік;
  • жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңды мүделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;
  • мүдделер қақтығысына жол бермеу.

4. Қызметшілер лауазымдық өкілеттіктерін орындаған кезде саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер және олардың органдарымен байланысты емес Қазақстан Республикасының заңнамалары талаптарын басшылыққа алады.

5. Қызметшілер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы (соның ішінде еңбек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, мемлекеттік қызмет туралы) аясында:

1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кезде мыналарды:

  • азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қараған кезде азаматтардың құқықтары мен бостандығына басымдылық, бюрократизм мен жөнсіздікке жол бермеуді;
  • азаматтардың заңды құқықтарын іске асырудың ең қысқа мерзімі және заңды мүдделерін қамтамасыз етуді;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттеріне және стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді;
  • қызмет алушыларға шығу тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайларға байланысты қандай да бір кемсітушіліксіз бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

мыналарға:

  • азаматттың өтінішін қарау мәселені объективті шешуге мүдделі емес екендігіне қатысты адамға жүктелген жағдайда;
  • шағым берген адамға зиян келтіретін немесе оның мүддесіне қатысты шағым берілген жағдайға;
  • өтініште іс-әрекетіне шағым түскен лауазымды адамдарға өтінішті жіберуге;
  • адамның жеке өмірі, жеке және отбасылық құпиясы туралы мәліметті оның келісімінсіз жария ету мүмкіндігіне;
  • өтінішке қатысы жоқ азаматтың жеке басы туралы деректер белгілеуге жол бермеу.
  • өз құзыреті шегінде басқару және өзге де шешімдер дайындаған және қабылдаған кезде мыналарды:
  • барлық құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды тұлғалардың құзыретін нақты шектеу және және оларды жұмыс істеуін келісуді;
  • лауазымдық өкілеттіктерді орындауға қатынасы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен көрсетілімдерді шығаруға жол бермеуді;
  • туыстық, жерлестік және жеке сенімділік қасиеттері бойынша кадрларды іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеу;
  • меритократия прициптерін сақтауды;
  • қабылданып жатқан шешімдердің заңдылығы үшін дербес жауапкершілікті қамтамасыз етеді.

күнделікті қызметте:

  • қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына сенімін сақтайды және нығайтады;
  • жалпы қабылданған моральдік-этикалық нормаларды сақтайды;
  • мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, Қазақстан Республикасына кір келтіретіндей және мемлекеттік қызмет мүддесіне қайшы келетін әрекеттер жасауға жол бермеуді, соның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруды, мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдардың қатаң түрде сақталуын қамтамасыз етеді;
  • лауазымдық өкілеттіктерді және соған негізделген беделiн жеке басының, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi мүмкін әрекеттерді жасауға жол бермеу;
  • оларға мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылытар туралы басшылықты және (немесе) құқық қорғау органдарын жел түрде жеткізеді;
  • мүдделер қақтығысының туындауы, қызметтік міндететрін орындаған
  • кезде жеке қызығушылқытарының туындауы, сыбайлас жемқорлық әдетіне және сыйлық алуға көндіру туралы тікелей немесе тура басшыға қажет болғна жағдайда жеткізеді;
  • әріптестерге және басшыға өзара қатынастың белгіленген тәртібін бұзатын, қызметтік бейтарап шешім қабылдауға әсер ететін заңсыз өтініштермен жүгінуден бас тартады;
  • қызметтік өкілеттіктерді орындауға байланысты сыйлық қабылдамайды және сыйламайды;
  • мүліктік және мүліктік емес пайда және артықшылық алу не пайда түсіру мақсатында таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбайды;
  • тікелей туыстық қатынастағы (ата-анасы, жұбайы, іні, апа-қарындасы, балалары) адамдардың тікелей бағынысты немесе бақылауындағы лауазымдарға тағайындалудан бас тартады;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ашуға белсенділік танытады;
  • орындауға алған өкімнің заңсыздығына күмәні туралы тікелей басшысына жазбаша түрде шұғыл хабарлайды;
  • құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті сақтауды қолдайды;
  • мүдделер қақтығысының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының және олардың салдарының туындау мүмкіндігінің себептері мен шарттарын жою жөніндегі шараларды тұрақты негізде қабылдайды;
  • қызметтік тәртіп пен қызметтік намысты сақтайды;
  • басшыға қатысты олардың лауазымдық мүмкіндіктері арқылы жеке сенімділік көрінісіне, пайда және артықшылық алуға тырысуға жол бермейді;
  • өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық, әкімшілік, қылмыстық жауапкешілікте болады.

6. Басшы (бас дәрігер):

  • өзінің мінез-құлқымен бейтараптық, шындық, жеке тұлғаның намысына және адамгершілігіне құрмет көрсетудің үлгісін көрсетеді;
  • басшылықты бірегей, бөлу қызметі арқылы жүзеге асырады және қабылдаған шешімдерінің заңдылығы үшін жеке жауапты болады;
  • лауазымдық өкілеттіктерден тыс тапсырмаларды орындауды қарамағындағылардан талап етпейді;
  • қарамағындағы қызметкерлер қызметтік міндеттерін орындау барысында туындаған мүдделердің қақтығысын реттеу жөнінде түпкілікті шараларды уақтылы қабылдайды;
  • сыбайлас жемқорлықтың алды алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды жою жөнінде түпкілікті шараларды уақтылы қабылдайды;
  • қарамағындағылармен құмар ойындарға қатысудан бас тартады;
  • өзінің қарамағындағы қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлық жұмыс жағдайы және олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауларына жол бермеу үшін жеке жауапты болады.