Ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, әрбір жанға көмек қолын созып, жанын қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтырып, жанына-дауа, тәніне-шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құштарлығын арттырып жүрген ақ халатты абзал жандар.
Сәуір айында денсаулығым сыр беріп, Шал ақын ауданының аудандық ауруханаға түстім. Онда дәрігерлер дұрыс диагноз қойып, жедел түрде ота жасау керектігі туралы ақыл-кеңестерін берді.
Ота жасап, мені ел қатарына қосып, аяққа тұрып кетуіме себепші болған Шал ақын ауданының аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің білікті хирургы Александр Викторович Аношин өзі бас болып, хирург Шырын Қадырғалиқызы Қадырғали, анастезиолог Кенжетай Молдосович Бекенов. Ота сәтті жасалды. Отадан соң аяғыма тұрып кету жолында ем жасап, өздерінің жылы сөздерімен емдей білген хирургия бөлімінің медбикелері Бибигуль Базарбаева, Гульнара Куандыкова, Қайсар Молгождаров, Алина Даниленко, Раушан Омароваға үлкен алғысымды білдіремін.
Осындай білікті мамандарды басқарып дұрыс бағыт-бағдар беріп отырған Шал ақын ауданының аудандық ауруханасының басшысы Нурали Ералиевич Абуовқа алғысым шексіз.
Сіздерге болаттай мықты денсаулық, талмас талап, шығармашылық табыс, мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биіктей берсін! Адал, білімді, шыдамды, сыпайы, мейірімді қалыптарыңызды жоғалтпай, халықтың алғыс-сауабына ие болып, абыройларыңыз арта берсін!
Асыл Дауытбаева
Қараулар: 493