8 Наурыз күніне орай

Шал ақын ауданының ОАА мәжiлiс залында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнiн мерекелеу қарсаңында салтанатты iс шара өттi.

Азаматтардың денсаулығын сақтау iсiндегi мiнсiз адал еңбеi және денсаулық сақтау iсiне қосқан жеке үлесi үшiн және «8 наурыз Халықаралық әйелдер күнiн» мерекелеу қарсаңында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қ.Е. Сақтағановтың атынан құрмет грамотасымен келесi қызметкерлер марапатталды: жұқпалы аурулар бөлiмшесiнiң мейiрбикесi Светлана Владимировна Кондратова және балалар кеңесiнiң мейiрбикесi Әлима Мәдениетқызы Таутекенова. Ауданның денсаулық сақтау саласының ардагерлерi шақырылды. Мерекелiк үстел жасалды. Бас дәрiгердiң м.а. А.Ж. Асылбекова қызметкерлердi мерекемен құттықтады.

09.03.2016
Қараулар: 2187
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz