2018 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін тойлаудың негізгі арқауы еліміздің елордасы — Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы болып отыр.
Жеке мемлекеттік рәміздерге ие болу тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының негізгі белестерінің бірі болды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — бұл егемендік пен тәуелсіздік, халық пен мемлекеттік билік бірлігінің нышандары. Олар еліміздің халықаралық деңгейдегі жоғары беделін толықтыра отырып, қазақстандық мемлекеттілікке, ұлттық және жалпы адамдық құндылықтарға ұмтылыс идеясын бейнелейді.
Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты қазақстандық патриотизм, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне мақтаныш идеяларын кеңінен тарату және өскелең ұрпақ арасында тәуелсіздік белгілеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу болып табылады.
2018 жылдың 4 шілдесінде Шал ақын ауданының Орталық аудандық ауруханасында Астана қ. уақыты бойынша сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер Күніне орай Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Мәжіліс залында салтанатты жағдайда бас дәрігер А.Ж. Мұстафинның құттықтау сөзімен сөз басталды.
Қараулар: 3359