Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Қай заманда, қандай қоғамда болмасын дәрігер мамандығы қашанда қадірлі, сыйлы болған. Бұл кәсіп жан-тәнімен беріліп жұмыс істеуді, жан-жақты терең білімді, жоғары біліктілікті талап етеді және адам өмірінің барлық кезеңдерінде қажет. Сіздер күн сайын алдыларыңызға шипа іздеп келген әрбір жанның өміріне араша түсіп, денсаулығын сақтау үшін арпалысасыздар. Дерттеріне шипа тауып, өмірге деген үміттерін оятып, құштарлықтарын арттырасыздар.
Өмірлік кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз бен отандық медицинаның үздік дәстүрлерін сақтап, дамыту жолындағы ерен еңбектеріңіз үшін зор алғыс айтамыз. Сіздердің жетістіктеріңізбен мақтанамыз. Барлық жоғары нәтижелерге Сіздердің жемісті қызметтеріңіздің арқасында қол жеткізетініміз аян.
Баршаңызға мықты денсаулық, қызметтеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз.
Директордың м.а. Абуов Н.Е.
Қараулар: 459