2018 жылғы 18 қаңтарда «Шал ақын ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК мәжіліс залында ұйымның басшысымен 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау өткізілді.
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы халыққа жолдауында қазақстандық қоғамның алдында бізге іске асыру үшін міндеттерді атап өтті.
Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне енеді.Қазақстан өз алдына 10 тапсырма қойды.
Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.
Біздің Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастықта құрметпен және сенім білдіретін табысты ел болды. Бізге, денсаулық сақтау қызметкерлеріне жыл сайынғы жолдаудың жетінші тармағында қойылған міндеттерді жүзеге асыру қажет.
Адами капитал – жаңғыру негізі.
Үздік денсаулық сақтау және дені сау ұлт.
Қазіргі денсаулық сақтау қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуы тиіс.
Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек.
Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан дианостика жасап, сондай-ақ осы саланы амбулаториялық емдеу арқылы басқаруға көшу қажет.
Осының барлығын бізге медициналық қызметкерлерге алдағы уақытта енгізу.
Онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдау.
Халықаралық озық тәжірибе негізінде ерте диагностикалаудың және қатерлі ісікті емдеудің жоғары тиімділігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігің негізделген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне (МӘМС) кезең-кезеңімен көшетін болады.
Мемлекеттің міндеттерін нақты белгілей отырып, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемнің жаңа моделін әзірлеу қажет (ТМККБК).
Ақпараттық жүйелерді біріктіру,мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет.
Медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және оларды сапалы даярлау маңызды мәселе болып табылады.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің жаңа редакциясын әзірлеу қажет.
Алдымызда шындыққа жүзеге асыратын көптеген міндеттер мен мақсаттар бар және біз денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, оларды адал орындауға тырысамыз.
Біздің барлық жеңістер мен жетістіктеріміз Қазақстан Республикасының Отанымыздың гүлденуіне бағытталады.
Шал ақын ауданының ОАА
бас дәрігері
А.Мұстафин
Біз, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын үлкен жауапкершілікпен қабыл алдық.
Елбасы біздің Қазақстан халқы қоғамының алдында тұрған түйін міндеттер туралы айтып өтті.ҚР Президентінің Жолдауы Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында елді дамытуға арналған.Ол ел және қоғам алдына бірге жүзеге асыруды қажет ететін 10 негізгі міндет қойды.
Жетінші тармақтың міндеттері – адам капиталының сапасын жақсарту. Денсаулық сақтаудағы жаңа технологияларды қолдану ауруларды алдын алу және емдеуді тиісінше жақсарту, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру және біз қызметкерлер қазіргі уақыттағы өте маңызды мамандықты мақтанышпен былай деп мәлімдейміз, осы міндеттерді іске асыру үшін барлық күшімізді және күш-жігерімізді жұмсаймыз.Өткен 2016-2017 жылдары әлеуметтік төлемдер көтерілді.Денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы 28% ұлғайып,бұл біздің отбасымызға молшылық пен тұрақтылықты берді.Бұл үдіріс жалғасын табатын болады және біз Президентіміздің қойған міндеттерін жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек.
Шал ақын ауданының ОАА
бас дәрігерінің емдеу жұмысы бойынша орынбасары
А.Ж.Асылбекова
Қараулар: 3268