«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Күніне» арналған салтанатты жиналыс өткізілді

2017 жылғы 30 қарашада «Шал ақын ауданының орталық аудандық ауруханасында» ШЖҚ КМК «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Күніне» арналған салтанатты жиналыс өткізілді.

Өз сөзінде бас дәрігер А.Ж.Мұстафин, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының мемлекеттігін құрудағы айтарлықтай қосқан үлесі туралы «Бүгін Қазақстан халықаралық қауымдастық қазіргі демократиялық мемлекет ретінде танылады» деп атап өтті. Бұл — тәуелсіздік жылдарына кепілге алынған бейбітшілік пен келісімдіктің берік іргетасы.Осының бәрі - біздің халқымыздың бірлігі және саяси ерік-жігері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Ұлт Көшбасшысы Нұрұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында. Осыған орай, Тұңғыш Президент Күнін тойлау — бұл аса көрнекті еңбегі үшін мемлекет Басшысына деген құрмет.

Аурухана басшылығы барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен құттықтап, содан кейін келесі қызметкерлер құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен мараппаталды:

  • Тіс дәрігері — С.Ш.Мұқанова — бас дәрігердің құрмет грамотасымен.
  • Социал а. мейірбекесі — К.З.Аниева — бас дәрігердің құрмет грамотасымен.
  • Городецкое а. мейірбекесі — Р.В.Рящина — бас дәрігердің құрмет грамотасымен.
  • хирургия бөлімшесінің акушері — Р.К.Бимендина — бас дәрігердің құрмет грамотасымен.
  • асхана жұмысшы — М.К.Назарова — бас дәрігердің құрмет грамотасымен.
  • терапия бөлімшесінің санитары — Л.М.Мұхамеджанова — бас дәрігердің құрмет грамотасымен.
  • қарау кабинетінің акушері — Қ.Е.Уапова — облыс әкімінің алғыс хатымен.

Денсаулық сақтау саласының ардагерлері, Шал ақын ауданының құрметті азаматы атағына ие В.К.Курила және Б.Е.Құсаинова облыс Әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

30.11.2017
Қараулар: 2139